| 04.12.2008 |
|
2008 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында «Қазақстан Республикасы мен Қазақстандағы БҰҰДБ-ның халықты құқықтың оқыту сұрақтары жөніндегі ынтымақтастығының тәжірибесі және болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен қызметшілері, «ҚР ОСК Инженерлік-техникалық орталығы» РМК-ның қызметкерлері, БҰҰДБ Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілінің орынбасары Недера Стелиана, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы өкілдері, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының, Астана қаласы әкімдігінің, мәслихатының, аумақтық сайлау комиссиясының, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Қазақстан халқын құқықтық оқыту және сайлауды ұйымдастырушыларды кәсіптік даярлау бойынша әдістемелік үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.
Ортсайлауком мен БҰҰ Даму бағдарламасының «Халықтың электораттық мәдениетін арттыру» бірлескен жобасына 2007 жылғы 21 қаңтарда қол қойылған болатын және ол Ортсайлаукомның халықаралық ұйымдармен бірлескен бірінші жобасы болып табылады.
Сайлау заңнамсын жетілдіру және халықты құқықтық оқыту бойынша ынтымақтастықтың өткен кезеңдегі оң тәжірибесін ескере отырып, ағымдағы жылы Қазақстандағы БҰҰДБ Ортсайлаукомға оны жалғастыруды ұсынды. Екінші жобаны 2008 жылғы 1 қыркүйек пен 2010 жылғы 31 наурыз аралығында іске асыру көзделуде.
Бірлесе атқарылған жұмысты қорытындылай отырып, конференцияға қатысушылар көзделген шаралардың барлығы табысты әрі белгіленген мерзімде жүзеге асырылғанын атап өтті және мұның өзі бұдан былайғы жерде де жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеуге, жобаның алдына қойған мақсаттары ауқымын кеңейтуге, оларды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деген тұжырымға келді.
Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар атап айтқандай, халықтың құқықтық мәдениетін көтеру саласындағы алдыңғы кезеңдегі қызметте қалыптасқан жұмыс нысандары мен әдістерін дамытуды көздеп қана қоймай, бұл саладағы жұмыстың жаңа тәсілдерін іздестіру және енгізу қажет.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
