| 23.10.2017 |
|
Астана мектептерінде президенттері сайлауы өтті
2017 жылғы 22 қазанда электораттық оқыту бойынша пилоттық жоба шеңберінде Астана қаласының үш мектебінде: № 6 мектеп-гимназияда, № 37 орта мектебінде және № 76 мектеп-лицейінде президенттер сайлауы өтті.
Жобаның мақсаты мектептегі өзін-өзі басқару органдарын дамыту арқылы әлеуетті сайлаушылардың электораттық тәрбиелеу тетіктерін әзірлеу және енгізу, болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға көмектесу болып табылады.
Мектептерде сайлау 4 кезеңмен өткізілді: сайлауды тағайындау, кандидаттарды ұсыну, мектеп Президентіне кандидаттарды тіркеу, сайлау алдындағы үгіт және дауыс беру күні.
Жобаға барлығы 6026 оқушы қатысты. Кандидаттар ретінде 8-11 сыныптың 22 оқушысы тіркелді.
Мектеп президенттігіне сайлауға келу: № 6 мектеп-гимназияда - 97%, № 37 орта мектепте - 62%, № 76 мектеп-лицейде - 70.5% құрады. Белгілі себептермен келмегендер онлайн дауыс беруге қатыса алды. Дауыс беру яқталғаннан кейін сайлау комиссиясының мүшелері дауыстарды санап, алдын-ала нәтижелерін жариялады.
№76 мектеп-лицейінің президенті болып 10A сынып оқушысы Скендр Мирас (50,1%) сайланды.
№6 мектеп-гимназияда және №37 орта мектепте дауыс берудің екінші туры өтеді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
