| 18.10.2017 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының делегациясы
тәжірибе үйрену және алмасу мақсатында Молдова Республикасының
Орталық сайлау комиссиясына барды
2017 жылғы 16-17 қазан аралығында Кишиневте (Молдова Республикасы) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі А.Х.Арғынов пен «ҚР ОСК Инженерлік-техникалық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директорының міндетін атқарушысы Е.С.Қосмұратов гендерлік теңдікті алға жылжыту және сайлаудағы әйелдердің қатысуы туралы мәселесі бойынша дөңгелек үстелге қатысты.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Молдова Республикасының Орталық сайлау комиссиясы арасындағы 2013 жылғы 16 мамырдағы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының делегациясы 2013 жылы құрылған Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы сайлау саласындағы үздіксіз білім беру орталығының жұмысымен танысты.
Өз кезегінде, Молдова Республикасының Орталық сайлау комиссиясының өкілдері сайлау шеңберіндегі сайлаушылар тізімдерін құрастыру мен жаңарту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
