| 29.10.2008 |
|
2008 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Ортсайлауком Төрағасы Қ.Т.Тұрғанқұловтың Хакас Республикасы сайлау комиссиясының Төрайымы И.Г. Смолина және комиссия мүшесі Е. В. Ольховскаямен кездесуі болып өтті.
Хакасия Республикасы сайлау комиссиясының делегациясы Қазақстан Республикасына біздің еліміздің сайлау комиссияларымен тікелей қарым-қатынас орнату мен дамыту, сондай-ақ сайлау процесін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу және сайлауларды әзірлеу мен өткізу, сайлау процесіне қатысушыларды оқыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында келген.
Ортсайлауком Төрағасы кездесуге қатысушыларды Орталық сайлау комиссиясы мен сайлау органдарының қазіргі кезде жүргізіп отырған жұмысымен таныстырды, сондай-ақ биылғы жылы өткізілген Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған шығып қалған депутатының орнына сайлау туралы айтып берді.
Бүгінгі күні Ортсайлауком қызметінің басты бағыттарының бірі сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру және, сайлау комиссияларының бүгінгі құрамы өкілеттігі мерзімінің 2009 жылы аяқталуына орай, сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыруға дайындалу.
Қ. Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс барлық мүдделі тараптармен ашық диалог аясында бұрыннан қалыптасқан конструктивтік ынтымақтастыққа негізделетінін атап өтті.
Кездесу соңында оған қатысушылар бұдан былайғы кезеңде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы сайлау органдарының сайлау процесін дамыту мәселелеріндегі, сондай-ақ сайлау тәжірибесін жетілдірудегі ынтымақтастығы өріс алады деген үміттерін білдірді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
