| 13.10.2017 |
|
2017 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды
Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаевтың жақындағы айтқысыз мәлімдемесінің нәтижесінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қырғыз Республикасы Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының арасындағы өзара түсіністік туралы қолданыстағы екі жақты меморандум шеңберінде жеке субъект ретінде 2017 жылғы 15 қазандағы Қырғыз Республикасы Президентінің сайлауына қатысудан бас тартуды шешті, ол туралы қырғыз тарапын хабардар етті.
Бұл ретте Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындай отырып, ТМД, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМЫҰ миссияларының құрамында, сондай-ақ ТМД, ЕҚЫҰ, түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеяларының тарапынан мониторингті жүзеге асыру үшін 46 байқаушыны жіберіп отыр.
Орталық сайлау комиссиясы Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына облыстық мәслихат заңда белгіленген тәртіппен сайлағанға дейін А.Ш. Дилжановты тағайындау туралы қаулы қабылдады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87 бабынан ҚР Президентінің аудандық маңызы бар қалалары, ауыл округтері, ауылдық округ құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін сайлауды анықтайтын өкілеттіктерінің алынып тастауына байланысты а.ж. 10 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің №559 Жарлығы шықты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
