| 24.10.2008 |
|
Орталық сайлау комиссиясының 2008 жылғы 8 қазандағы қаулысына сәйкес 23 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау болды.
Астана қалалық сайлау комиссиясы Ортсайлауком бекіткен Күнтізбелік жоспарға қатаң сәйкес түрде, сайлау заңнамасында белгіленген барлық рәсімдерді сақтай отырып, барлық қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүргізді.
Дауыс беру Республика Президенті шақырған Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында өткізілді.
Дауыстарды санау нәтижелері Астана қалалық сайлау комиссиясының отырысында анықталды.
Дауыс беруге арналған бюллетеньге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 1 кандидат енгізілді.
Дауыстарды санау хаттамасына сай сайлаушылардың тізіміне 382 азамат енгізілді, олардың ішінен 331 адам немесе 86,6 пайызы дауыс беруге қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатқа дауыс беру қорытындылары бойынша 306 дауыс берілді.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып 1946 жылы туған, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының консультанты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстанның болгар мәдени орталығының басшысы, Астана қаласында тұратын Дымов Олег Григорьевич сайланды.
Депутат О. Дымовқа тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
