| 05.10.2017 |
|
Шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу және ұсыну қорытындысы бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті
2017 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында 2017 жылғы 29 қазанға тағайындалған шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тіркеу және ұсыну бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Сондай-ақ, отырыста электораттық оқыту бойынша пилоттық жобаның қорытындылары мен Қазақстан Республикасының мәслихат депутатының куәліктері үлгісі бойынша мәселелер қаралды.
Сайлау процесін ұйымдастыру және ОСК мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі М. Анапин 2017 жылғы 29 қазанға тағайындалған шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тіркеу және ұсыну қорытындылары туралы баяндама жасады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес, ағымдағы жылғы 29 қазанда 15 республика өңірлеріндегі 105 сайлау округтерінде, оның ішінде облыстық мәслихат сайлау жөніндегі 22 сайлау округтерінде, қалалық мәслихат сайлау жөніндегі 19 сайлау округтерінде және аудандық мәслихат сайлауы жөніндегі 64 сайлау округтерінде шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау өтеді.
Астана қаласында бос округтердің болмауына байланысты мәслихат депутаттарының сайлауы жүргізілмейді.
Бос округтердің ең көп саны Ақтөбе (14), Павлодар (13), Қостанай (12), Алматы (11) облыстарында. Ең азы Жамбыл (3) және Ақмола (2) облыстарында.
Сайлау науқаны барысында барлығы 370 кандидат ұсынылды. Оның ішінде облыстық мәслихаттардың депутаттығына 93 кандидат, қалалық мәслихаттардың депутаттығына 72 кандидат және аудандық мәслихаттардың депутаттығына 205 кандидат ұсынылды.
Барлақ округтер бойынша 335 кандидат тіркелді.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Ортсайлаукомның ағымдағы мәселелерін қарастырудан бөлек, электораттық оқыту бойынша өңірлерден қатысып отырған 150 жаттықтырушы үшін тәжирібелік сабақтарының қорытынды кезеңі екенін атап өтті.
Сондай-ақ электораттық оқыту бойынша жоба қатысушылары үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Д.Мыңбай, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ф.Жакупова, Астана қаласы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институтының АҚ филиалы директоры Л. Саинова, Жамбыл облысында мұрағаттар, құжаттама және мәдениет Басқармасы басшысының орынбасары С.Мадиева, Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Аяған, «Тұран Астана» университетінің проректоры, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Б. Аяпбергенов және Л.Гумилева атындағы ЕҰУ аға оқытушысы М.Жұманова сөз сөйледі.
Отырыс соңында электораттық оқытуды аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
Естеріңізге сала кетейік, Ортсайлаукомның ұйымдастыруымен өткен сайлау процесі бойынша жаттықтырушылар үшін оқыту курсы 2017 жылы 1 қыркүйектен бастап 5 қазан аралығында өткен болатын.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
