| 03.10.2017 |
|
Владимир Фоос сайлау комиссиялярын қалыптастыру туралы айтып берді

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Владимир Фоос ОСК-ның электораттық оқыту бойынша семинар аясында сайлау комиссияларын, округтер мен учаскелерін қалыптастыру жөнінде дәріс оқыды.
В. Фоос дәріс барысында семинарға қатысушыларға сайлау комиссияларының құрылу тәртібі, түрлері, сайлау округтері мен учаскелерінің шекаралары, жүйесі туралы сөз етті.
«Сайлау заңнамасына сәйкес, Қазақстанда аумақтық сайлау комиссияларының 4 түрі (Ортсайлауком, облыстық, қалалық, аудандық), округтік сайлау комиссияларының 3 түрі (аудандық, қалалық, облыстық) және учаскелік сайлау комиссиялары бар», - деді Владимир Фоос.
Сонымен қатар ОСК мүшесі тиісті әкімдер сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін жеті күн мерзім ішінде, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын өткізген кезде үш күн мерзімінде, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларды сайлау учаскесінің шекарасы жөнінде хабарландыратынын атап өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
