| 03.10.2017 |
|
ҚР ОСК төрағасының орынбасары К.Петров электораттық оқыту бойынша семинарда дәріс оқыды

Бүгін Ортсайлауком ұйымдастырған тренерлер корпусын электораттық оқыту бойынша семинар аясында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров «Сайлаушыларды есепке алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Сөз барысында К.Петров сайлаушылардың тізімін жасау мәселелері бойынша ағымдағы жағдай туралы айтып берді, тыңдаушыларды Орталық сайлау комиссиясымен қабылданатын сайлаушылардың есепке алу жөніндегі шаралармен, сондай-ақ, мысалы Армения, Қырғызстан, Молдова мен Ресей Федерациясы, Германия сияқты осындай шет елдердің сайлау процесінде қолданылатын тізімдерді жасау және ІТ-технологиясын пайдалану тәжірибесімен таныстырды.
К.Петров: «Орталық сайлау комиссиясы таяу және алыс шет елдердің тәжірибесін өз тәжірибесінде пайдалану үшін пысықтауда. Халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, ОСК 2017 жылғы 28 маусымдағы ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауында алдын ала дауыс беру нәтижелері туралы ақпаратты Ортсайлауком сайтында онлайн орналастырумен таңдаушыларды электрондық тіркеуді пилоттық режимде алғаш рет қолданды»,- деді.
Сонымен қатар Ортсайлауком Төрағасының орынбасары ҚР Орталық сайлау комиссиясы орталық мемлекеттік органдар, халықты есепке алушылар, сайлау комиссиялары мен жергілікті атқарушы органдар біріктірілетін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде сайлаушылардың тізімдерін жаңарту және тиімді жүйесін қалыптастыру жоспарланғанын атап өтті.

- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
