| 15.05.2009 |
|
2009 жылғы 15 мамырда Алматы қаласында Д.Қонаев атындағы университетте «Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: қазіргі жағдайы, мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны «Заңгерлер - Әділ сайлау үшін» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қолдауымен Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшілігі мен Қазақстандағы БҰҰДБ қаржыландыратын жобаның шеңберінде ұйымдастырды.
«Заңгерлер - Әділ сайлау үшін» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшілігі мен Қазақстандағы БҰҰДБ – ның Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау белсенділігін көтеру жөнінде грантын алған үкіметтік емес ұйымдардың бірі. Грантты іске асырудың нәтижесінде нормативтік, ғылыми-талдау және тәжірибелік ақпаратты талдау мен жүйеге келтірудің негізінде жетекші заңгер ғалымдар «Қазақстан Республикасының сайлау құқығы» ғылыми-тәжірибелік құралын әзірлеп, жарыққа шығарады. Аталған құрал Д. Қонаев атындағы университте (Алматы қ.) және Ө. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясында (Талдықорған қ.) 2009-2010 оқу жылы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы бойынша арнаулы курсты енгізу негізі болып табылады.
Мемлекеттік және халықаралық үкіметаралық және қоғамдық ұйымдардың көптеген өкілдерінің (ҚР ОСК, Конституциялық Кеңес, жергілікті өкілді органдар), ЖОО-ның, Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ғылыми - білім беру орталықтары мен институттарының қатысуымен халықаралық стандарттар мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, қазақстандық сайлау құқығын дамыту және жетілдіру жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.
«Еуропалық Одақ мемлекеттерінің электораттық тәжірибесі және Қазақстанның сайлау заңнамасы» атты баяндамамен сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, БҰҰДБ жобасының Ұлттық директоры Марат Сәрсембаев «ЕО елдерінің, әсіресе Англияның, Германияның, Францияның сайлау заңнамасы, кейбір идеяларын ТМД елдері, соның ішінде Қазақстан үлгі етуіне болатын сайлау жөніндегі көрнекі заңнама болып табылады» - деп атап көрсетті. Конференцияны өткізу нәтижелері бойынша қолданыстағы сайлау заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша талдау жазбасын жасау және тиісті мемлекеттік органдарға жіберу жорамалданып отыр.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
