| 15.09.2017 |
|
ҚР ОСК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы дәріс оқылды
15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері Ольга Шиянның дәрісі болды.
Бұл іс-шара Ортсайлаукомның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес өтті.
О. Шиян ОСК аппаратының қызметкерлері алдында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи үрдістері туралы» дәріс оқыды.
Сондай-ақ дәріс шеңберінде мектепке дейінгі жастан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында уәкілетті орган қабылдаған шаралар мен еліміздің азаматтарының сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздігі туралы бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара соңында дәріс оқушыға сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
