| 12.02.2009 |
|
2009 жылғы 12-13 ақпанда Шымкент қаласында «Сайлау процесін ұйымдастыру қырлары және бұқаралық ақпараттық құралдарында сайлаудың ақпараттық қамтамасыз етілуі», «ҚР-сындағы электораттық процестің құқықтық негізі» тақырыптарында тренингтер өтті.
Осы тренингтерді Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы БҰҰДБ өкілдігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына техникалық жәрдемдесу» атты Ортсайлауком мен Қазақстандағы БҰҰДБ-ның бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырды.
Тренингке қатысу үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының және округтік сайлау комиссияларының мүшелері, облыстық соттың, аудандар мен Шымкент қ. соттарының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Тренингке қатысушылар сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасы нормаларының сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру мәселелерін қарады.
Тренинг барысында Оңтүстік Қазақстан облысы сайлау комиссияларының сайлау процесіне қатысушыларымен жұмысын ұйымдастырумен және өзара іс-қимыл жасауымен, Қазақстан Республикасындағы сайлау процесіндегі заңнамалық өзгерістермен тікелей байланысты мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
