| 09.02.2009 |
|
Еуропа елдерінің сайлауларын ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен 7 ақпанда халықаралық қоғамдастық Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтті.
Дүниежүзілік сайлау күнін өткізудің негізгі мақсаттары демократияландыру процесінің үдемелілігін қоғамның санасында бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты ақпараттандыру, жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарға бейілділігін қалыптастыру болып табылады.
Орталық сайлау комиссиясы облыстық әділет органдарымен бірлесіп, 2009 жылғы 6-7 ақпанда осы күнмен сабақтастыра отырып, мүдделі мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ардагерлер мен қоғамдық қайраткерлердің қатысуымен кәмелетке толған Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліктер тапсыру рәсімін ұйымдастырып, өткізді.
Рәсім шеңберінде сондай-ақ казақстандық отансүйгіштікті қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен негізгі қағидаттарының бірі - жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың 18 жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 4-бабының 1-тармағы) болып табылатын сайлау құқығын көпшілікке танымал етуге бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Ұйымдастырушылардың өз алдына қойған негізгі міндеті басты демократиялық қағидаттар мен жоралғыларды біздің еліміздің миллиондаған азаматтарының санасында бекітудегі сайлаудың ролін ашу, жас сайлаушылардың Конституция кепілдік берген демократиялық бостандықтарын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік басқаруға тікелей немесе өздерінің еркін сайланған өкілдері қатысу құқығы мен мүмкіндіктерін біліп, түсінуі болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
