| 08.08.2017 |
|
ҚР ОСК аппараты Талдау-сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің қызметкерлері Әнуар Исенбаев және Ілияс Құрманов 2017 жылғы 25 шілдеден бастап 4 тамызға дейін Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы (ДСОҚ) хатшылығының бағдарламасы шеңберінде «Сайлаушыларға ақпараттандырылған таңдау жасауға көмек көрсету» тақырыбында сайлаушыларды оқыту мәселелері бойынша Инчхон қаласында (Корея Республикасы) оқудан өтті.
Оқыту бағдарламасының мақсаты азаматтық білім беру және сайлаушыларды оқыту, сайлаушыларды оқыту жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді ескере отырып, оның ішінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданып ДСОҚ мүше мемлекеттердің арасындағы жұмыс байланыстар орнату арқылы ДСОҚ мүше мемлекеттердің әр түрлі сайлау жүйелерін талдау болды. Оқыту бағдарламасы барысында әлеуметтік БАҚ пайдалану, сайлаушылардың осал топтарын оқытуға ерекше назар бөлінді.
Бағдарлама қатысушылары өз елдерінің сайлаушыларын оқыту жүйесімен таныстырды, сайлауда әлеуметтік БАҚ-тың рөлін талқылады, сайлау күні сайлау учаскелерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды қарастырды, Корей азаматтық білім беру және демократия институтының жұмысымен танысты, сайлау процесіне жас сайлаушыларды тарту тәжірибесін зерттеді.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2013 жылдан бастап ДСОҚ мүшесі болып табылады. Семинарға 9 елден сайлау органдарының 15 өкілі қатысты.
Анықтама үшін:
Дүниежүзілік сайлау органдарының қауымдастығы (ДСОҚ) халықаралық ұйым болып табылады және 2013 жылы Инчхон қаласында (Корея Республикасы) штаб-пәтерімен құрылды. Қауымдастық бүгінгі таңда 102 мемлекеттің 106 сайлау органдарын біріктіреді.
Қауымдастықтың мақсаты ашық сайлау ұйымдастыру және өткізуде ақпарат пен тәжірибе алмасу бойынша халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, сондай-ақ сайлау органдарына демократиялық сайлау өткізуде кәсіби құрамдас бөлігі ұйымдық-құқықтық негіздерін нығайту мен дамытуға қолдау көрсету болып табылады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
