| 03.08.2017 |
|
4 тамызда Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау басталады
2017 жылғы 4 - 24 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының 14 облысында аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін сайлау өтеді.
Ауыл әкімдерін сайлау 2017 жылғы 11 шілдеде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес өткізіледі.
Алғашқы ауқымды ауыл әкімдерін сайлау 2013 жылы тамызда өткен болатын. Әкімдердің өкілеттік мерзімі - 4 жыл.
Елімізде аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің барлық саны – 2440.
2013 жылы сайланған әкімдердің өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына, кейбір ауылдық округтердің жойылуына, сайланған әкімдердің өкілеттіктерінің уақытынан бұрын тоқтатылуына байланысты (бұл округтерде сайлау өткізілді) 4 - 24 тамыз аралығында 1413 ауыл әкімі сайланатын болады.
Ауыл әкімдерін сайлауды ұйымдастыратын орган облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары болып табылады.
Аумақтық сайлау комиссиялары деректері бойынша қазіргі уақытта 4056 кандидат (1 орынға 2,8 адам) ұсынылған, олардың ішінде тіркелгендер саны – 3895 кандидат (аймақтар бойынша ақпарат жергілікті атқарушы органдардың сайттарында).
Заңнамаға сәйкес: аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынған кандидаттардың ішінен жергілікті қоғамдастық өкілдерімен келіскен соң сайлайды.
Жергілікті қоғамдастықпен консультациялар аудан әкімдерінің ауыл, кент және қала жұртшылығының өкілдерімен кездесулері түрінде өтеді.
Ауылдық округтер әкімдерін сайлау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
Сайлау тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттары – таңдаушылардың отырысында өткізіледі. Отырысқа таңдаушылардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып табылады.
Таңдаушылар отырысында аудандық (қалалық) мәслихаттың хатшысы төрағалық етеді.
Таңдаушылардың тізімдерін аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша жасайды және бұл тізім дауыс беруге арналған пунктте ілінеді.
Әр таңдаушыға жасырын дауыс беру үшін сайлау бюллетені беріледі.
Дауыс беру рәсімі аяқталған соң аудындық немесе қалалық аумақтық комиссиясы дауыстарды санауға кіріседі.
Дауыстарды санау кезінде салыстырмалы мажоритарлық жүйе қолданылады. Яғни, басқа кандидаттармен салыстырғанда сайлауға қатысқан таңдаушылардың көпшілік дауысын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттама жасайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасында аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін сайлау жанама сайлау құқығы негізінде 2013 жылғы 5-9 тамыз аралығында өткен болатын.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
