| 02.06.2009 |
|
2009 жылғы 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы Бақыт Мелдешов Human Rights Watch халықаралық үкіметтік емес ұйымының Атқарушы директоры Кеннет Россты оның өтініші бойынша қабылдады. Кездесуге, сондай-ақ, NRW-ның Орталық Азиядағы ғылыми қызметкері Андреа Берг қатысты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі аясында Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі мен сайлау процесін халықаралық демократиялық сайлау стандарттарына сәйкес одан әрі жетілдіру жолдары туралы туралы пікір алмасты.
Бақыт Мелдешов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған жұмыс тобының ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен басқа да халықаралық ұйымдардың еліміздегі сайлауларды байқау нәтижелері бойынша ұсынымдарын мұқият талдап отыратынын және біздің қоғамымызда қабылдауға болатын нормаларын ұлттық сайлау заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс барысында ескеріп отыратынын атап өтті.
Сондай-ақ Ортсайлауком Хатшысы сайлау туралы заңға 2009 жылдың ақпанында енгізілген кейбір өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.
Өз кезегінде Кеннет Росс адам құқықтарын қорғаумен айналысатын Human Rights Watch халықаралық үкіметтік емес ұйымы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ашық және айқын сайлаулар өткізуге, сайлау заңнамасы мен сайлау технологияларын әлемдік тәжірибені ескере отырып жетілдіруге деген ұмтылысын қолдайтынын айтып өтті. «Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты халықаралық ұйымдар республиканың өзіне алған міндеттемелерін орындауын мұқият қадағалап отыр.,- деді Росс мырза.
«Біз алдағы уақытта да «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңды демократиялық сайлаулардың жалпы мойындалған ұстанымдарына сәйкестендіру бойынша жұмысты жүйелі жалғастыратын боламыз»,- деп атап өтті кездесу соңында Бақыт Мелдешов.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
