| 14.07.2017 |
|
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңына қол қойды
2017 жылғы 14 шілдеде республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда»газеттерінде «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы жарияланды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына да өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Заңның жаңа мазмұнына сәйкес, барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары сайлауға қатысушыларды тұрақты түрде оқытуға, саяси партиялармен және сайлаудың өзге де субъектілерімен бірге семинарлар өткізуге құзыретті болады.
Ұсыну құқығы тек қана саяси партияларға және қоғамдық бірлестіктерге тиесілі болады (өзін-өзі ұсыну институты жойылады). Заң нормаларына сәйкес, Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға міндетті.
Сонымен бірге Президенттікке кандидаттардың денсаулық жағдайына байланысты медициналық куәландыру құжаттарын тапсыру бойынша талаптар енгізілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
