| 29.06.2009 |
|
2009 жылғы 30 маусымда Алматы қаласында Д.Қонаев атындағы университетте «Қазақстан Республикасының сайлау құқығы» атты ғылыми-тәжірибелік құралдың тұсаукесері болды. Тұсаукесерді «Заңгерлер - Әділ сайлау үшін» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қолдауымен Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшілігі мен Қазақстандағы БҰҰДБ қаржыландыратын жобаның шеңберінде ұйымдастырды.
«Заңгерлер - Әділ сайлау үшін» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшілігі мен Қазақстандағы БҰҰДБ – ның Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау белсенділігін арттыру жөніндегі грантын алған үкіметтік емес ұйымдардың бірі болып табылады.
Алынған гранттың шеңберінде дайындалған құрал нормативтік, ғылыми-талдау және тәжірибелік ақпаратты, халықаралық стандарттар мен халықаралық тәжірибені талдау мен жүйеге келтірудің негізінде әзірленді. Авторлары - сайлау заңнамасы саласындағы жетекші заңгер - ғалымдар.
Іске асырылатын жобаның шеңберінде Д. Қонаев атындағы университетте (Алматы қ.) және Ө. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясында (Талдықорған қ.) 2009-2010 оқу жылы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы бойынша арнаулы курсты енгізу жорамалданып отыр.
Сайлау құқығы бойынша курстарды енгізу жас сайлаушылардың электораттық білімін және белсенділігін, сайлау құқығын зерделеуге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
Тұсаукесерге мемлекеттік органдар мен халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ЖОО-ның, Қазақстан Республикасының ғылыми - білім беру орталықтары мен институттарының ғалымдары және профессорлары шақырылды.
Шара өткізілген жер: Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 107, Д. Қонаев ат. университет
Шара өткізілген уақыт: 30 маусым, 15.00
Байланыс: Қопабаев Өмірәли Қажыбайұлы
8-7272-92-98-90 (тел.)
8-7272-92-98-77 (факс)
8-701-711-1186 (ұялы тел.)
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
