| 04.07.2017 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ақпараттық жария ету туралы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізу барысында 28 сәуір - 30 маусым аралығында Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқаны барысы туралы 24 баспасөз мәліметін әзірлеп, ҚР ОСК www.election.gov.kz ресми интернет-ресурсына орналастырды.
Хабарлардың басты ақпараттық тақырыбы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау, Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну, тіркеу, сайлау алды үгіттері, сондай-ақ дауыс беру күніне дайындық жұмыстары туралы ОСК ашық отырыстары болды.
Еліміздің халқын толыққанды ақпараттандыру мақсатында сайлау туралы билбордтар мен бейнероликтер әзірленіп, барлық өңірлер мен мемлекеттік телеарналарда және радиода орналастырылды.
Сайлау алдында ҚР ОСК Төрағасы мен мүшелерінің Әзербайжан, Грузия, Ресей Федерациясы, Армения, Молдованың Орталық сайлау комиссиясы өкілдері мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ТүркПА, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Мемлекеттік Думасы, Беларусь және Ресей Одағы Парламенттік жиналысы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Миссиясының байқаушылар миссиясымен кездесулері өтті.
Сайлау күні, 28 маусым ақпаратқа толы күн болды. ҚР ОСК Баспасөз орталығы қарқынды жұмыс істеді. Электрондық тіркеу, таңдаушылардың қатысуы және сайлаудың алдын-ала қорытындылары туралы 6 ресми брифинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар бұл күні ҚР ОСК мүшелерінің қатысуымен «Хабар 24» телеарнасында бірнеше тікелей эфир өткізілді.
Республикалық және өңірлік БАҚ-да сайлау тақырыбы белсенді жария етілгені байқалды. 28 сәуір - 30 маусым аралығы кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік медиада 1 034 материал тіркелді. Олардың ішінде республикалық телеарналарда – 152 сюжет, республикалық баспасөз беттерінде – 46 мақала, интернет-ресурстарда – 449 жарияланым, аймақтық БАҚ-да – 349 материал (168 материал және 181 жарияланым) жарық көрді. Әлеуметтік медиада 38 мазмұнды жазба жарияланған.
Сенатқа сайлау қорытындылары жарияланған күні ҚР ОСК Баспасөз орталығында Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА), Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесі, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) Миссияларының халықаралық байқаушыларының қатысуымен 4 брифинг ұйымдастырылды.
Сайланған Сенат депуттарына куәліктер мен омырауға тағатын белгілер тапсыру бойынша 30 маусымда өткен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы отырысы барысында Ортсайлауком Төрағасы жүргізілген БАҚ мониторингі қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау тақырыбын жария еткен үздік масс-медиа өкілдерін марапаттады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
