| 30.06.2017 |
|
2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының тіркеу жөніндегі ҚР ОСК отырысы өтті

30 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тiркеу жөніндегі ОСК отырысы өтті.
Отырысқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тұңғыш Төрағасы, үш шақырылымның депутаты Өмірбек Байгелді, Жоғарғы Кеңестің 12-ші және 13-ші шақырылымдарының депутаты, 1990-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасары, 1996-1999 жылдарғы Сенат депутаты Зинаида Федотова, ҚР Парламенті Сенатының жаңадан сайланған депутаттары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының хатшылары, мәслихаттар хатшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
ҚР ОСК Төрағасы Берік Имашев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 82-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының сайланған депутаттарды тiркейтін атап көрсетті.
«2017 жылғы 28 маусымдағы Ел Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 16 депутаты сайланды, яғни әр облыстан және Астана және Алматы қалаларынан бір-бірден. Аумақтық сайлау комиссиялары барлық қажетті іс-шараларды Ортсайлауком бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау заңнамасында белгіленген барлық рәсімдерді сақтай отырып өткізілді. Жалпы сайлау науқаны барысында 89 кандидат ұсынылды. Бюллетеньдерге 38 кандидаттың тегі енгізілді. Жалпы айтқанда сайлаушылардың келуі республика бойынша 98,5% құрады. Сондай-ақ сайлауда алғаш рет сайлаушыларды электронды тіркеу өткізілді», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
Берік Имашев Сенат депутаттарының құрамы айтарлықтай жаңартылғанын атап өтті. 16 мандаттың ішінен 12 жаңа адам сайланды.Сайланған сенаторлар өңірлік деңгейде басшылық лауазымдарда мол кәсіби тәжірибесі бар, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен жақсы таныс.
Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында « 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
Қаулы қабылдағаннан кейін ҚР ОСК төрағасы Б.Имашев тіркелген депутаттарға: Д. Әділбековке, М. Жұмағазиевке, Н.Қылышбаевқа, Ғ.Дүйсембаевқа, Н.Төреғалиевке, Ә.Нұрәлиев, Р.Әбдікеровке, Ж.Нұрғалиевке, М.Бақтиярұлына, Б.Шельпековке, Ә.Құртаевқа, Н.Нұрсипатовқа, Е.Сұлтановқа, Д.Мусинға, Е.Мамытбековке, Д.Нүкетаеваға куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді тапсырды.
Отырыс аяқталғаннан кейін Берік Имашев БАҚ өкілдерін байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтап, Сенат депутаттары сайлауы бойынша сайлау науқанын белсенді жария еткені үшін алғыс хаттар табыс етті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
