| 30.07.2009 |
|
2009 жылдың 29 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В. Фоос ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы Басшысының орынбасары Жаннет Клетцер ханымды оның өтініші бойынша қабылдады. Кездесуге ЕҚЫҰ Орталығы әскери-саяси бөлімінің бастығы Эндрю Офенбахер қатысты.
Кездесу барысында тараптар ҚР ОСК мен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстанның сайлау заңнамасын халықаралық демократиялық сайлау стандарттарына сәйкес одан әрі жетілдіру бойынша өзара ықпалдастығының болашағы, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерін және басқа да сайлауға қатысушыларды оқыту жайында пікір алмасты.
«Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру аяқталды. Республикада тіркелген саяси партиялардың басым көпшілігінен шамамен алғанда бірдей мөлшерде өкілдік ететін 13280 адам сайлау комиссияларының мүшесі болып сайланды. Сондықтан қазіргі кезде сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту, сондай-ақ сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын жүргізу ОСК қызметінің басымды бағыты болып табылады. Бұл жұмыс аясында ОСК мен Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының бірлескен жобасы да жүзеге асырылып отыр»,- деп атап өтті В.Фоос.
Ж. Клетцер ханым өз кезегінде сайлау тақырыбында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшыларын тарта отырып бірлескен тренингтер өткізуге мүдделілік танытты. «ЕҚЫҰ Орталығы қызметкерлері Қазақстанның өңірлеріне көп көңіл бөліп отыр. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшылары өңірлерде ұйымдастырылатын сайлауға қатысушылардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге бағыталған шараларға қатыса алар еді»,- деді Жаннет Клетцер.
Тараптар ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының атынан ЕҚЫҰ Миссиясы құрамында сайлауларды халықаралық байқауға қатысатын байқаушылармен өткізілетін дәстүрлі семинарға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшылары шақырылады деп келісті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
