| 29.06.2017 |
|
Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінен байқаушылар Миссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша қорытынды брифинг өткізді
2017 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің байқаушылар миссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша қорытынды брифинг өткізді.
Әзербайжан,Түркия елдерінен сайлауды байқауда үлкен халықаралық тәжірибесі бар сарапшылар, сондай-ақ Түркі Кеңесі Хатшылығының өкілдері кіретін Түркі кеңесінің миссиясы Астана және Көкшетау қалаларында 2017 жылғы 28 маусымдағы сайлауды байқауды жүзеге асырды. Миссия дауыс беру бір қалыпты және ұйымшыл өтті деп атап көрсетті. Сайлауда таңдаушылардың келуі жоғары болды, 100% .
Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесі миссиясының басшысы Р. Гасанов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауы ашық, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бәсекелестік негізінде және демократиялық сайлаудың халықаралық стандарттарын сақтай отырып, өткізілді деп атап өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
