| 29.06.2017 |
|
Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылар Миссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға дайындықтың және оның өткізілуін байқау нәтижелері бойынша брифинг өткізді
2017 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Шанхай ынтымақтастық ұйымынан байқаушылар Миссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға дайындықтың және оның өткізілуін байқау нәтижелері бойынша брифинг өткізді.
Миссия құрамына ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің: Қытай, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикалары кіргенін айта кеткен жөн.
Дауыс беру күні – 2017 жылғы 28 маусымда ШЫҰ миссиясының мүшелері Астана, Алматы және Көкшетау қалаларында таңдаушылардың бірлескен отырыстарына қатысып, дауыс беру пункттерінің ашылуын, электрондық тіркеу, дауыс беру, дауыстарды санау, қорытындыларды хабарлау рәсімдерін байқады және дауыс беру пункттерінде ШЫҰ миссиясына Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттар туралы толық ақпарат берді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының басшысы Ван Кайвэнь сайлау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өтті, бұл сайлауды сенімді, ашық және демократиялық деп тануға мүмкіндік береді деп атап көрсетті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
