| 29.06.2017 |
|
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен бақылаушылар миссиясы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша брифинг өткізді
2017 жылғы 29 маусымда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша брифинг өткізді.
Миссия құрамында 106 байқаушы аккредителді, олар - ТМД қатысушы мемлекеттер, Парламентаралық Ассамблеясы -ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің, Беларусь және Ресей одағы Парламенттік Ассамблеясы, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінен.
Миссия мүшелері сайлау комиссиялары сайлау науқанына қажетті ақпараттық, техникалық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілді деп мәлімдеді.
Сайлау күні Миссия өкілдері республиканың барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында таңдаушылардың бірлескен отырысына қатысып, сондай-ақ тиісті сайлау комиссияларын ұйымдастырған дауыс беру рәсімін дауыс беру пункттерінде байқады.
Делегация басшысы - ТМД-дан байқаушылар миссиясының басшысы В.Гуминский 2017 жылғы 28 маусым күнгі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және Конституцияға сәйкес өтті және сайлау баламалы негізде жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді, бәсекеге қабілетті және ашық болды деп атап өтті ол.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
