| 25.09.2009 |
|
«Кез келген сайлау - бұл, ең алдымен, заңнамамен қатаң реттелетін құқықтық процесс. Сондықтан сіздер мен біздің бүгінгі кездесуіміз, белгілі бір дәрежеде, заңды. Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің басым көпшілігінің заңгерлік білімі бар.
Жер-жерде сайлауды ұйымдастыратын, жалпы саны 100 000 мыңдай еліміздің азаматтары аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің арасында да заңгерлер баршылық.
Сіздер – болашақ заңгерлер ретінде де, жас сайлаушылар ретінде, сайлау заңнамасын жақсы білулеріңіз, өздеріңіздің белсенді сайлау құқықтарыңызды -республика азаматы ретінде сайлауда дауыс беру құқығын – пайдалануларыңыз, сондай-ақ, өздеріңіздің бәсең сайлау құқықтарыңызды – Қазақстан Республикасы Президенті, Парламент, мәслихаттар депутаты және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болып сайлану құқын – пайдалануға тырысуларыңыз керек.
Сіздердің орталарыңызда да болашақ Ортсайлауком мүшелері, Орталық сайлау комиссиясының болашақ Төрағасы отыруы әбден мүмкін. Біз сайлауды ұйымдастырушылар арасында сауатты құқықтанушылардың неғұрлым көп болғанына мүдделіміз»,- деп атап өтті кездесуді аша келе Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Владимир Фоос.
Мұндай кездесуді болашақта дәстүрлі түрде өткізу туралы ұсыныс жасай отырып, Орталық сайлау комиссиясының өкілдері жастарды құқықтың тәрбиелеудің бір нысаны - сайлауларға қатысу екендігін, мемлекеттік басқару органдарына сайлау және сайлану конституциялық құқығын жүзеге асыруы арқылы азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызатынын атап көрсетті.
Заң ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық құқық саласының маманы, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Алдаңғорұлы Сәрсембаев өзінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: құқық және оны қолдану тәжірибесі» деген тақырыпта сөйлеген сөзінде республикамыздың сайлау заңнамасы сұрақтарына жан-жақты тоқталды.
Кездесу соңында сайлау құқығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды, Ортсайлауком өкілдері заңгер-студенттердің сауалдарына жауап берді
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
