| 28.06.2017 |
|
2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы
Астана уақытымен сағат 13:00-дегі жағдай бойынша 16 өңірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды сайлауда дауыс берудің алдын ала қорытындылары шығарылды.
Алдын-ала дауыстарды санау нәтижелерін Ортсайлаукомның сайтынан мына сілтеме арқылы көруге болады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 78-бабы 2-тармағына сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының дауыстарды санау хаттамасы сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жiберіледi.
Олардың негізінде Орталық сайлау комиссиясы республика бойынша тұтас алғанда сайлау қорытындыларын сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей (5 шілдеден кешіктірмей) шығарады (81-бап).
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
