| 16.10.2009 |
|
2009 жылғы 15-16 қазан күндері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау бойынша Бас кеңесшісі Джонатан Стоунстрит бастаған сарапшыларымен Қазақстаннның сайлау заңнамасын жетілдіру сұрақтары бойынша жұмыс барысындағы кездесу болып өтті.
Бұл кездесу ҚР ОСК-ның Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов пен Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Директоры Янеш Ленарчичтің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысты басымды сұрақтар бойынша консультациялар жүргізу туралы келісімі аясында өткізілді.
Кездесуге қатысушылар ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 2007 жылғы сайлаудың қорытындылары бойынша сайлауға әкімшілік ету, электрондық дауыс беру, сайлауалды үгітті реттеу және БАҚ, шағымдар мен өтініштерді қарау процесі, байқаушыларды сайлаудың барлық кезеңдерінде байқауға қатыстыру сұрақтарына қатысты енгізген ұсыныстарын жан-жақты талқылады.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын халықаралық демократиялық сайлау стандарттарына сәйкес одан әрі жетілдіру бойынша консультацияларды жалғастыруға келісті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
