| 27.10.2009 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 101-бабы 4 тармағына сәйкес, 2009 жылғы 25 қазанда республиканың 13 өңірінде 55 сайлау округінде бір мезгілде шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау болып өтті.
Облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарының 7, қалалық мәслихаттардың 11 және аудандық мәслихаттардың 37 депутаты сайланды.
Бір депутаттық мандатқа бәсекелестік орташа есеппен алғанда шамамен 3 адамды құрады. Ұсынылған 170 кандидаттың 59-ын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған, қалғандары - өзін-өзі ұсынғандар.
Сайлау бюллетеньдеріне 129 кандидаттың аты-жөні енгізілген.
Дауыс беру 212 сайлау учаскесінде өтті.
Сайлаушылар тізіміне барлығы 199692 сайлаушы кірген. Дауыс беруге 138592-і қатысқан. Алдын-ала мәліметтер бойынша сайлаушылардың дауыс беруге келуі 69,5% құраған.
Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды 651 кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жүргізді.
Сайланған 55 депутаттың барлығы «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі болып табылады.
Сайланған депутаттардың ішінде:
• ерлер – 47 (85,5%)
• әйелдер – 8 (14,5%)
Жалпы алғанда сайлау науқаны сайлау заңнамасы талаптарына сәйкес өтті. Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен шағымдар мен өтініштер жоқ.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
