| 03.12.2009 |
|
2009 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында сайлауларды халықаралық байқау сұрақтары бойынша семинар-тренинг болып өтті.
Семинар жұмысына Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының, министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушыларға арнап Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В. Фоос, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы Жаннет Клетцер сөз сөйледі.
Семинар-тренинг ауқымында оған қатысушылар сайлауларды халықаралық байқаудың халықаралық-құқықтық және ұлттық-құқықтық негіздерін, тәуелсіз халықаралық байқаушылардың сайлау процесінің жариялылығын қамтамасыз етудегі рөлін талқылады, халықаралық ұйымдар Миссиялары құрамында сайлауларды халықаралық байқаудың ерекшеліктерін қарастырды, Қазақстан өкілдерінің ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы құрамында сайлауларды байқауға қатысу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ бірқатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі сайлауларды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді байқау тәжірибесін қарастырды.
Тренингке қатысушылар сайлауларды байқау жөніндегі халықаралық ұйымдар Миссиялары құрамына кіретін байқаушылардың кәсіби деңгейін көтеру, біздің еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін кезеңде Қазақстан өкілдерінің осы ұйымға мүше елдерде сайлауларды байқауға қатысуын белсендіру сұрақтарына ерекше көңіл бөлді.
Семинар-тренингтің соңында 2010 жылы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы құрамында Қазақстан Республикасынан сайлауларды байқауға қатысуды қамтамасыз ету тәжірибесін одан әрі жетілдіру сұрақтары бойынша пікір алмасылды.
Қазақстандық байқаушылардың кәсіби деңгейін жоғарылату бойынша жұмыстың маңыздылығы мен қажеттілігін ескере отырып, ел өкілдерінің ЕҚЫҰ кеңістігінде сайлауларды байқауды іске асыру процесіне қатысуы - сайлау үрдісін демократияландыру және Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайту ісіне қосқан сүбелі үлесі болуы үшін, Ортсайлауком байқаушылар үшін оқыту семинар-тренингтері мен консультациялар өткізу тәжірибесін бұдан былай да жалғастыруды және дамытуды көздеп отыр.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
