| 27.06.2017 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасының Орынбасары В. Фоос Ресей Федерациясының Федералдық
Жиналысы Мемлекеттік Думасының делегациясымен және Беларусь пен
Ресей Одағының Парламенттік жиналысы делегациясымен кездесті
2017 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Орынбасары В. Фоостың Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясының А..Выборный басшылық еткен делегациясымен және Беларусь пен Ресей Одағының Парламенттік Жиналысының П. Шершень басшылық еткен делегациясымен кездесуі болды.
Владимир Карлович кездесуге қатысушыларды осы сайлау науқанының негізгі сәттерімен және статистикасымен таныстырды.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды халықаралық байқауды ұйымдастыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Республикасы Ортсайлаукомы Төрағасының Орынбасары бұл сайлаудың ерекшелігі – сайлауда бірінші рет таңдаушыларды электрондық тіркеудің қолданылатынында екенін атап өтті. Сайлаушылардың келуі туралы, сондай-ақ дауыс берудің алдын ала нәтижелері туралы деректер Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсында көрсетілетін болады.
Өз сөздерінде А. Выборный мен П. Шершень сайлауды байқауға қатысуға шақыру үшін ризашылығын білдірді. Одан басқа Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының және Беларусь пен Ресей Одағы Парламенттік Жиналысының депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды байқауға белсене қатысатынын айтты.
Депутаттардың пікірінше, сайлауға дайындық құқықтық алаңда, демократиялық негізде өтіп жатыр.
Сондай-ақ депутаттар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына сайлау науқанының табысты өтуін тіледі.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
