| 27.06.2017 |
|
ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Л. Сүлеймен Армения Республикасы ОСК мүшесі Г. Мартиросянмен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын байқау үшін Астанаға келген Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Георгий Мартиросян мен Армения Орталық сайлау комиссиясының аппарат басшысы Левон Григорянмен кездесу өтті.
Л.Сүлеймен Г.Мартиросянға шақыруды қабылдағаны үшін және сайлауды байқауға Армения Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдерінің қатысқаны үшін алғысын білдірді.
ҚР ОСК мүшесі Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауын әзірлеу мен өткізу туралы Армениядан келген әріптесін хабардар етті.
«Осы сайлаудың ерекшелігі - бірінші рет сайлаушыларды электрондық тіркеу қолданылуы. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлаушылардың келуі және дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы мәліметтер көрсетілетін болады. Біз 2017 жылы 2 сәуірде болған Армениядағы парламенттік сайлауды байқау тәжірибесі бойынша Армения Республикасы сайлаушылардың электрондық тіркеу жүйесін сәтті қолданғанын білеміз » -деді Л.Сүлеймен.
Сонымен бірге ол сайлаушыларды электрондық тіркеу жүйесі ұлттық сайлауда сайлаушыларды электрондық тіркеуді енгізудің мүмкіндігін қарастыру үшін жүйені сынақтан өткізу болып табылатынын атап өтті.
Өз кезегінде Г.Мартиросян Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды байқауға шақырғаны үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар ол сайлауға дайындықтың ұйымдастырушылық жұмысының жоғары сапасын атап өтті және сайлау процесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша Армения тәжірибесімен бөлісті, дауыс беру күнінің табысты өтуін тіледі.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
