| 27.06.2017 |
|
2017 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі К. Петров Грузия Орталық сайлау комиссиясының делегациясымен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі К. Петровтың Грузия Орталық сайлау комиссиясының делегациясымен кездесуі болды.
К. Петров Д. Гоциридзе мырзаға шақыруды қабылдағаны және сайлауды байқауға Грузия ОСК өкілдерінің қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Ол сондай-ақ Грузиядан келген әріптестерін Парламент Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу барысы туралы хабардар етті. «Осы сайлаудың ерекшелігі – сайлауда бірінші рет таңдаушыларды электрондық тіркеудің қолданылуы. Сайлаушылардың келуі, сондай-ақ дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы деректер Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында көрсетілетін болады» - деп атап өтті. «Таңдаушыларды тіркеудің электрондық жүйесі болашақта жалпыұлттық сайлауда сайлаушыларды электрондық тіркеуді енгізу мүмкіндігін әрі қарай қарастыру үшін жүйені сынақтан өткізу болып табылады» - деді.
Өз кезегінде, Давид Гоциридзе Парламент Сенатының депутаттарын сайлауды байқауға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, сайлауға дайындықтың ұйымдастырушылық жұмысының жоғары сапасын атап өтті және дауыс беру күнінің табысты өтуіне тілек білдірді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
