| 27.06.2017 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының
орынбасары В.К.Фоос Молдова Республикасы Орталық сайлау
комиссиясы төрағасының орынбасары Чиботару Родиканы қабылдады
Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В.К.Фоос пен Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Чиботару Родиканың кездесуі болды.
В.К.Фоос Чиботару ханымға шақыруды қабылдағаны және сайлауды байқауға Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Ол сондай-ақ Молдовадан келген әріптесін Парламент Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу барысы туралы хабардар етті. «Осы сайлаудың ерекшелігі – сайлауда бірінші рет таңдаушыларды электрондық тіркеудің қолданылуы. Сайлаушылардың келуі, сондай-ақ дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы деректер Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында көрсетіледі» - деп атап өтті Төраға орынбасары. Ол: «Таңдаушыларды тіркеудің электрондық жүйесі болашақта жалпыұлттық сайлауда сайлаушыларды электрондық тіркеуді енгізу мүмкіндігін әрі қарай қарастыру үшін жүйені сынақтан өткізу болып табылады» - деді.
Өз кезегінде, Чиботару Родика Парламент Сенаты депутаттарын сайлауды байқауға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, сайлауға дайындықтың ұйымдастырушылық жұмысының жоғары сапасын атап өтті және дауыс беру күнінің табысты өтуіне тілек білдірді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
