| 27.06.2017 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері
С. Мұстафина мен К. Петров Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының делегациясымен кездесті
2017 жылғы 27 маусым Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Майя Гришина бастаған Ортсайлауком делегациясы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды байқауға қатысады.
Делегация құрамына Ортсайлауком мүшесі Василий Лихачев, Аппарат Басшысының орынбасары Владимир Грачев, Аппарат қызметкерлері Юрий Демьяненко мен Юлиана Петренко кірді. 2017 жылғы 27 маусымда Ресей Ортсайлаукомының делегациясы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері С. Мұстафинамен және К. Петровпен кездесті.
Ресей Ортсайлаукомының делегациясы Сенат депутаттарын сайлауға әзірлік жөніндегі жұмыспен, сайлау науқанының әрбір кезеңіңің ерекшеліктерімен танысты, С. Мұстафина Қазақстанның сайлау органдары сайлау күніне толық дайын екенін хабарлады.
К. Петров сондай-ақ Ресей Федерациясынан келген әріптестерін Парламент Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу барысы туралы хабардар етті. «Осы сайлаудың ерекшелігі – сайлауда бірінші рет таңдаушыларды электрондық тіркеудің қолданылуы. Сайлаушылардың келуі, сондай-ақ дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы деректер Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында көрсетілетін болады» - деп атап өтті. «Таңдаушыларды тіркеудің электрондық жүйесі болаш3ақта жалпыұлттық сайлауда сайлаушыларды электрондық тіркеуді енгізу мүмкіндігін әрі қарай қарастыру үшін жүйені сынақтан өткізу болып табылады» - деді.
Кездесу барысында С. Мұстафина мен М. Гришина 2009 жылғы 18 маусымда қол қойылған Екі елдің сайлау органдары арасындағы ынтымақтастық пен құқықтық ақпарат алмасу туралы хаттаманы іске асыру шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, атап айтканда, электораттық оқыту мәселелері туралы пікір алмасты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
