| 17.03.2010 |
|
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 наурызында республиканың 13 өңірінде шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау 52 сайлау округінде өтеді.
Барлығы облыстық мәслихаттардың 11, қалалық мәслихаттардың 7 және аудандық мәслихаттардың 34 депутаты сайланатын болады.
Сайлау науқаны барысында 149 кандидат ұсынылған. Олардың 54-ін саяси партиялар, 2-ін – қоғамдық ұйымдар ұсынған және 93-і – өзін-өзі ұсынғандар.
Қазіргі кезде кандидаттарды тіркеу аяқталды. Мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде131 адам тіркелген.
Олардың ішінде 54 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 62-і – партияда жоқтар, 15-і өздерінің партияға қатыстылығын көрсетпеген.
Тіркелген үміткерлердің 112-і – ер адамдар және 19-ы – әйелдер. 106 кандидаттың жоғарғы білімі, 15 кандидаттың орта арнайы және 10 кандидаттың орта білімі бар.
Қазіргі уақытта барлық тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жұмысын бастады, ол 27 наурызға дейін жүреді. Сайлау заңнамасына сәйкес сайлау қарсаңындағы күні сайлауалды үгіт жүргізуге тыйым салынған.
Дауыс беру 2010 жылғы 28 наурыз күні 317 сайлау учаскесінде өтеді. Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтуде. Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен өтініштер мен шағымдар жоқ.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
