| 04.02.2010 |
|
Еуропа елдері сайлауды ұйымдастырушылары ассоциациясының бастамасы бойынша халықаралық қауымдастық 2010 жылғы 6 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтеді.
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтудегі басты мақсат демократияландыру процесінің тұрақтылығын қоғамдық санаға сіңіру, қоғамды сайлау процесінде қол жеткізілген табыстар туралы хабардар ету, жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарға пейілділігін қалыптастыру.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ ҚБ-мен бірлесе отырып, 2010 жылғы 4-5 ақпан күндері ел өңірлерінде Қазақстан Республикасы сайлау құқығы мен сайлау жүйесін насихаттауға бағытталған шаралар ұйымдастыруда.
Бұл шаралар аясында жастардың Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарымен, сайлау комиссялары мүшелерімен, мүдделі мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялардың және олардың жастар құрылымдық бөлімшелерінің, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бейресми кездесулерін ұйымдастыру көзделіп отыр.
Одан басқа, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, салтанатты түрде Қазақстан Республикасының жасы 16-ға толған азаматтарына жеке куәліктер табыс ету рәсімі, сондай-ақ жас сайлаушылар үшін сайлау заңнамасын білу бойынша тест өткізілетін болады.
Ұйымдастырушылардың алдына қойып отырған басты мақсаты сайлаудың демократиялық ұстанымдар мен постулаттардың еліміздің миллиондаған азаматтарының санасына берік орнауындағы рөлін ашу, жас сайлаушылардың Конституциямен кепілдендірілген демократиялық бостандықтардын іске асыру аясында мемлекетті басқаруға тікелей немесе өздерінің еркін сайланған өкілдері арқылы қатысу құқықтары мен мүмкіндіктерін білуі және түсінуі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
