| 25.03.2010 |
|
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 28 наурызында республиканың 13 өңіріндегі 52 сайлау округінде шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау өтеді.
Барлығы облыстық мәслихаттардың - 11, қалалық мәслитаттардың – 7, аудандық мәслитаттардың 34 депутаты сайланатын болады.
Сайлау қажетті қаржылық, материалдық ресурстармен қамтамасыз етілген.
Сайлау науқаны барысында 149 кандидат ұсынылды. Олардың 54-ін саяси партиялар 2-ін – қоғамдық ұйымдар ұсынған және 93-і – өзін-өзі ұсынғандар.
«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы барлық 52 сайлау округі бойынша кандидаттар ұсынды.
Қазіргі уақытта мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде 124 адам тіркелген. Олардың 54-і Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 55-і - партияда жоқтар, 15-і – партияға қатыстылығын көрсетпеген.
Тіркелген кандидаттардың 106-ы – ер адамдар, 18-і – әйелдер. 99 кандидаттың жоғары, 15 кандидаттың – орта арнаулы және 10 кандидаттың – орта білімі бар.
Қазіргі кезде сайлауалды үгіттің соңғы кезеңі жүріп жатыр, ол 26 наурыз күні түнгі сағат 24.00-де аяқталады. Сайлау қарсаңындағы күні және дауыс беру күні үгіт жүргізуге тыйым салынған.
Сайлау науқаны сайлау заңнамасы талаптарына сәйкес өтуде.
Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен шағымдар мен өтініштер жоқ.
Дауыс беру 2010 жылғы 28 наурызда 317 сайлау учаскесінде өтеді.
Сайлау заңнамасына сәйкес әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкімнің қолы қойылған сайлаушылар тізімі тиісті сайлау комиссиясына заңмен белгіленген мерзімде акт бойынша ұсынылған.
Азаматтардың тиісті сайлау учаскелерінің үй-жайында сайлаушылар тізімімен танысу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.
Әрбір азамат сайлаушылыр тізіміндегі өзі туралы ақпаратты тексеруге және тізімге енгізілмеуі, дұрыс енгізілмеуі немесе тізімнен шығарылып тастауы, сондай-ақ тізімдердегі сайлаушылар туралы мәліметтерде орын алған дәлсіздіктер туралы шағымдануға құқылы.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
