| 16.06.2017 |
|
БАСПАСӨЗ ХАБАРЫ
2017 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.Мелдешовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау науқанының өткізілу барысы мен дауыс беруді ұйымдастыру мәселелері тақырыбында семинар кеңес өткізілдi
2017 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.Мелдешовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау науқанының өткізілу барысы мен дауыс беруді ұйымдастыру мәселелері тақырыбында семинар кеңес өткізілді.
Семинар- кеңеске облыстық, қалалық, аудандық әкім аппараттарының басшылары, барлық деңгейдегі мәслихаттардың хатшылары мен аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы қазіргі өткізіліп жатқан сайлау науқанындағы дауыс беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша бірқатар түсіндірмелер берді. Облыс аумағындағы Парламент Сенатының депутатын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі ісшаралардың күнтізбелік жоспарының іске асырылу барысы туралы облыс әкімі аппаратының басшысы М.Делмұханов пен облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Жүнісов хабарлама жасады.
Аудандардан бейнебайланыс арқылы семинар кеңестің жұмысына қатысушылар сұрақтарына жауап алды.
Семинар кеңес жұмысы аяқталғаннан кейін Б.Мелдешов Парламент Сенатының депутатын сайлауда дауыс беруге арналған сайлау бюллетенін әзірлейтін баспа орнымен және 28 маусым күні таңдаушылардың бірлескен отырысы мен дауыс беруі өткізілетін орын-жайымен танысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
