| 29.03.2010 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 28 наурызында республиканың 13 өңірінде 52 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізілді.
Барлығы 11 облыстық, 7 қалалық және 34 аудандық мәслихаттар депутаты сайланды.
Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік 2 кандидаттан шамалы жоғары болды. Кандидаттардың неғұрлым көп саны Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутатының мандатына № 1 сайлау округі бойынша және Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихаты депутатының мандатына № 4 сайлау округі бойынша – 4 адамнан үміткерлік танытты.
Сайлау науқаны барысында 149 кандидат ұсынылды. Олардың 54-ін саяси партиялар, 2-ін қоғамдық бірлестіктер ұсынды және 93-і өзін-өзі ұсынды.
«Нұр Отан» ХДП барлық 52 сайлау округінде кандидаттарын ұсынды.
Сайлау бюллетеньдеріне 120 кандидаттың есімдері енгізілді. Олардың ішінде 54 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 51 – партияда жоқ, тағы 15 өздерінің партияға мүшелігін көрсетпеген. 2010 жылғы 28 наурызда дауыс беру 316 сайлау учаскесінде жүргізілді.
Сайлаушылардың келуі алдын ала деректер бойынша 77,4 % құрады. Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды жалпы саны 863 кандидаттардың сенім білдірген адамы, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері жүргізді.
Сайланған 52 мәслихаттар депутаттарының барлығы «Нұр Отан» ХДП мүшелері болып табылады.
Сайланған мәслихаттар депутаттарының құрамында:
• ерлер – 45
• әйелдер – 7
Жалпы, сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Орталық сайлау комиссиясына шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
