| 14.06.2017 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Штабының басшысымен кездесті
2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б.Имашев ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Штабының басшысы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Атқару комитетінің бөлім бастығы Е. А. Слобода мен ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Штабының мүшелері, ТМД Атқару комитетінің кеңесшілері О.В. Кулеба мен Е.В.Козякты қабылдады.
«Бұл сайлаудың ерекшелігі - сайлауда бірінші рет таңдаушыларды электрондық тіркеуді қолдану. Таңдаушылардың келуінің нәтижелері Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсында онлайн режимде көрсетілетін болады»- деді Б.Имашев.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды халықаралық байқауды ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Е.А.Слобода Миссия мүшелерінің сайлау науқанының барлық кезеңдерімен интернет-сайттан таныс екеңдерін атап өтіп, бүгінгі күннен бастап ТМД Миссиясы Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының сайлауын кең ауқымды байқауға кіріскенін айтты.
Миссия байқаушыларының пікірі бойынша, сайлауға әзірлік құқық кеңістігінде, демократиялық негізде өтіп жатыр.
Олар байқау нәтижелері бойынша өзінің тұжырымдары мен ұсынымдарын сайлау науқаны аяқталған бойда жұртшылықтың назарына ұсынуды көздеп отыр.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
