| 12.06.2017 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2017 жылғы 12 маусымда Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын кезекті сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті
Аудандық және Ақтөбе қалалық мәслихаттарының хатшылары, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, прокуратура, ішкі істер департаментінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшыларымен өткен семинар-кеңестің жұмысына ҚР ОСК хатшысы Б.С. Мелдешов қатысты.
Б. Мелдешов семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Парламент Сенатына депутаттарды сайлау науқанының барысы туралы мәлімдеме жасады. Сайлау алдындағы үгіт кезінде барлық кандидаттар үшін бірдей жағдайлар жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
28 маусым – сайлау күні таңдаушы депутаттарды электрондық тіркеу, халықаралық байқаушылардың, сондай-ақ облыстың саяси және қоғамдық бірлестіктерінің қатысуы мәселесі талқыланды.
Облыс мәслихаттарының хатшылары, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қызметтің түрлі бағыттары бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, семинар-кеңестегі талқыланған тақырыптар бойынша пікір алмасты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
