| 07.04.2010 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес шығып қалғанның орнына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қостанай облысы бойынша депутатын сайлау ағымдағы жылдың 23 сәуіріне тағайындалған.
Ортсайлауком бекіткен сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша негізгі шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес 2 сәуір күні кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Сайлау науқаны барысында барлығы екі кандидат ұсынылды: Асқар Аронұлы Мұратов - өзін-өзі ұсыну тәртібімен және Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиев – Қостанай облыстық мәслихаты ұсынған. Екі кандидатты да Қостанай облыстық сайлау комиссиясы 1 сәуір күні тіркеді.
Кандидаттардың сайлауалды үгіті 21 сәуір күнгі 24.00 сағатқа дейін жүреді.
Сайлау заңнамасына сәйкес, әрбір Парламент Сенаты депутаттығына кандидатқа сайлауалды үгіт жүргізуге, сондай-ақ көліктік шығындарға республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Онан басқа, әрбір кандидат сайлау қорын құра алады.
2 сәуір күні Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы өз отырысында «2010 жылғы 23 сәуірдегі шығып қалғанның орнына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қостанай облысы бойынша депутатын сайлаудағы сайлау бюллетені туралы» қаулы қабылдады.
Бұл қаулымен сайлау бюллетенінің мәтіні бекітілген, сондай-ақ Қостанай облыстық сайлау комиссиясына сайлау бюллетеньдерін жеткізу мерзімі анықталған.
Парламент Сенаты депутаттарын сайлауды жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар – Қостанай облысы мәслихаттарының депутаттары өздерінің бірлескен отырысында жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылар тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 15 сәуірден кешіктірілмей жарияланатын болады.
Дауыс беруді, дауыстарды санауды және дауыс беру нәтижелерін жариялауды Қостанай облыстық сайлау комиссиясы бір күн ішінде – 23 сәуірде жүргізеді.
Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың түпкілікті қорытындыларын 2010 жылғы 29 сәуірден кешіктірмей анықтауы және 2 мамырдан кешіктірмей оларды БАҚ-та жариялауы тиіс.
Ќазаќстан Республикасы
Орталыќ сайлау комиссиясыныњ
баспасµз орталыѓы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
