| 01.06.2017 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2017 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы басшылығының Бас редакторлар клубымен кездесуі болды

2017 жылғы 1 маусымда ОСК Төрағасы Б. Имашев басқарған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Бас редактор клубы мүшелерімен кездесті.
Қонақтардың арасында Бас редакторлар клубының президенті - Е.Х. Бекхожин болды. Сонымен бірге кездесуге «Хабар Агенттігі» АҚ, «Қазақстан» РТРК АҚ, «Астана» телеарна, «Егемен Қазақстан» РГ АҚ, «Казахстанская правда» РГ АҚ, «ҚазАқпарат» ХАА, «Нұр Медиа» медиа-холдингі және басқа да жетекші телеарналардың, баспасөз басылымдарының, ақпарат агенттіктердың бірінші басшылары қатысты.
Кездесу барысында Бас редакторлар клубының мүшелері ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлау науқанының барысымен, Орталық сайлау комиссиясының ағымдағы қызметімен және жаңа жұмыс форматымен танысты.
Өз сөзінде Б.М. Имашев Ортсайлаукомның негізгі бағыттарының бірі ақпараттық саясат екенін атап өтті.
Сайлаудың өзекті мәселелері бойынша, сондай-ақ ҚР ОСК-мен БАҚ-тың сайлау процестері мен Ортсайлаукомның қызметін жария ету жөніндегі одан арғы жұмысы бойынша жемісті және мүдделі диалог өткізілді.

- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
