| 31.05.2017 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2017 жылғы 31 мамырда Орал қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссияның мүшесі Л. Сүлейменнің қатысуымен 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті

Семинар-кеңестің жұмысына аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар хатшылары, сондай-ақ аудандық және Орал қаласы әкімдігінің аппарат басшылары қатысты.
Л.Сүлеймен семинар-кеңестің қатысушылары алдынжа сайлау ұйымдастырушылардың алдында тұрған негізгі функциялары, сайлау комиссиялары, мемлекеттік органдар мен сайлау процесіне қатысушылардың сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру мәселелері жөнінде баяндама жасады және іс-шараға қатысушыларды Орталық сайлау комиссиясының ағымдағы қызметімен таныстырды.
Семинар-кеңестің барысында алдағы Сенатқа сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелер, соның ішінде Сенат депутаттығына кандидаттарды және олардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу, кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті, дауыс беруге арналған пункттерді дайындау, дауыс беруді өткізу, оның нәтижелерін шығару және көптеген басқа да рәсімдер бойынша мәселелер талқыланды.
Іс-шара соңында маңызды мәселелер бойынша пікір алмастырылып, алдағы сайлауды өткізу бойынша басты міндеттер айқындалды.





- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
