| 17.09.2010 |
|
ЕҚЫҰ-ның Қазіргі Төрағалары жыл сайын сайлау сұрақтарына арналған семинарлар өткізеді. Олардың соңғысында 2010 жылы электрондық дауыс беру бойынша семинар өткізу туралы ұсыныс айтылған болатын, бұл ұсынысты қазақстандық тарап қолдады.
Биылғы форумға ұлттық сайлау органдарының ресми өкілдері, халықаралық сарапшылар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинардың ашылуында сөйлеген құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов семинардың тақырыбын таңдау кездейсоқтық емес екенін, өйткені сайлау процесі саласына жаңа технологиялық шешімдер енгізу және электрондық дауыс беру жүйесін дамыту – күрделі, көптарапты және көп жағдайда даулы сұрақ екенін атап өтті. Ол семинарға қатысушыларды электрондық дауыс берудің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, орын алып отырған мәселелерді айқындау және туындауы мүмкін мәселелерді болжау үшін, әртүрлі электрондық дауыс беру жүйелері мен құрылғыларын қолданудың іс-тәжірибесімен белсенді бөлісуге шақырды. «Бүгінгі күні әртүрлі елдердің сарапшылары электрондық дауыс беру жүйелерін одан әрі қолдану мүмкіндіктерін әрқалай бағалайды, және бірыңғай операциялық және техникалық стандарттарды енгізуге, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз етуге, сайлаушылардың, байқаушылардың және барлық сайлауға қатысушылардың құқықтарының сақталуына ерекше назар аударады»,- деп атап өтті ҚР ОСК Басшысы.
ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Директоры, Елші Янеш Ленарчич электрондық дауыс беру жүйелерін енгізіп отырған мемлекеттер, демократиялық сайлаудың ЕҚЫҰ міндеттемелеріне және басқа да халықаралық стандарттарына сәйкес, сайлау процесінің біртұтастығын қорғау бойынша шаралардың қолданылуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ айқындықты, есептілікті және қоғам тарапынан сенімді қамтамасыз етудің дәстүрлі дауыс беру тәсілдері ұсынатындай кепілдіктерін ұсынуы тиіс деп атап өтті.
Үш жұмыс отырысы барысында семинарға қатысушылар ЕҚЫҰ-ға мүше елдерде электрондық дауыс беруді қолдану, электрондық дауыс берудің халықаралық стандарттары, электрондық дауыс беруді құқықтық реттеу және халықаралық байқау, ЕҚЫҰ-ға мүше елдер кеңістігінде электрондық дауыс беруді қолдану перспективалары сынды тақырыптарды талқылайтын болады. Семинарға қатысушылар электрондық дауыс беру жүйелерін енгізу және қолдану барысында туындайтын келелі мәселелерді айқындауға және шешуі демократиялық сайлау ұстанымдары мен принциптерінің сөзсіз сақталуына ықпал ететін бірінші кезекті сұрақтарды анықтауға тырысатын болады.
Осы шараға дайындық бойынша жұмыс аясында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ электрондық дауыс беру жөніндегі халықаралық құжаттар шолуын, сондай-ақ басқа да баспа материалдарын әзірлеген болатын. Оның сыртында, «Сайлау» ААЖ-ның қолданыстағы жабдығы қойылып, семинарға қатысушыларға өзіндік бейресми мини-рефередумға қатысып, «Сіз электрондық дауыс беруді пайдалануды қолдайсыз ба?» деген сұраққа жауап беру ұсынылған. Семинардың бірінші күні мини-референдумға 61 адам қатысқан.
Семинардың Латвия ОСК Төрағасы Арнис Цимдарстың жетекшілігімен өткен электрондық дауыс беру бойынша көзқарастарға арналған бірінші отырысында әртүрлі елдерде электрондық дауыс беруді қолдану тәжірибесі бойынша негізгі баяндамалармен Ресей ОСК Төрағасы Владимир Чуров, Таллин технологиялық институтының профессоры Улле Мадисе (Эстония), Бельгияның Федералдық мемлекеттік қызмет Бас директорының Сайлау жөніндегі Басқармасының Басшысы Стефан де Мюль және АҚШ-тың Электоралдық көмек жөніндегі комиссиясының Төрағасы Донетта Дэвидсон ханым сөйледі.
Одан кейін болған жарыссөзде бірқатар елдердің сайлау органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, соның ішінде Қазақстанның өкілдері – «Сайлауды байқау жөніндегі комитет» қоғамдық бірлестігінің сарапшысы, профессор Қазбек Жиреншин және «Қазақстан Республикасы ОСК Инженерлік-техникалық орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының директоры Қанат Арсақбаев сөз сөйледі.
Сөз сөйлегендердің көпшілігі сайлау процесінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың қажеттігін және демократиялық сайлау саласындағы халықаралық стандарттардың сақталуын кепілдендіретін бірыңғай техникалық және операциялық стандарттарды әзірлеу қажеттігін қолдайтын пікір білдірді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
