| 03.09.2010 |
|
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 101-бабының 4-тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 31 қазаны күні республиканың 13 өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 63 сайлау округінде өтеді.
Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық сайлау комиссиялары тағайындайды.
Барлығы облыстық мәслихаттардың 6, қалалық мәслихаттардың 5 және аудандық мәслихаттардың 52 депутаты сайланатын болады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгiленген тәртiп бойынша тiркелген республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi және өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады.
Мәслихат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.
Осылайша, Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ.
Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктердiң, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбiр кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргiзедi.
Азаматтардың мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
