| 04.11.2010 |
|
2010 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы мен комиссия мүшелерінің Еуропа Парламенті социал-демократтарының Еуропа форумының Вице-Президенті Ян Мариус Вирсма, социал-демократтар фракциясының депутаты, Еуропарламенттің халықаралық ісер жөніндегі Вице-Президенті Адриан Северин және Euronest-ің басшысы, Еуропарламенттің халықаралық ісер жөніндегі космиссиясы социал-демократтар тобының координаторы Кристиан Вигенин бастаған делегациясымен кездесуі болып өтті.
«Орталық сайлау комиссиясы мен Еуропалық Парламент арасындағы ынтымақтастықтың өзіндік тарихы және дәстүрі бар. Атап айтқанда, 2005 және 2007 жылдары Ортсайлаукомда Еуропалық Парламент депутаттарымен үш кездесу болды. 2005 жылғы 4 желтоқсандағы президенттік сайлауға Ортсайлауком Еуропарламенттің 15 байқаушыдан тұратын делегациясын аккредиттеді»,- деп атап өтті өзінің кіріспе сөзінде Ортсайлауком Төрағасы.
Сондай-ақ Ортсайлауком Төрағасы Еуропарламент делегациясының мүшелерін Қазақстанның сайлау органдарының құрылымымен, республиканың сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыстың барысымен таныстырды, сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша халықаралық ұйымдармен, соның ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен, арадағы ынтымақтастық туралы айтып берді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту, саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуы, сайлау жүйесі органдарының тәуелсіздігі мен объективтігі, сайлаулардың ұлттық және халықаралық байқау үшін ашықтығы, 2011-2012 жылдары болатын электоралдық науқандарға әзірлік сұрақтары талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы пікір алмасылды.
Еуропарламент делегациясы мүшелерінің сұрақтарына жауап бере келе, Қ. Тұрғанқұлов сайлау туралы заңға соңғы жылдары енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздің ЕҚЫҰ алдында алған міндеттемелерін көбінесе орындап отырғанының куәсі екенін атап өтті.
«Қазіргі уақытта біз Еуроодақпен арадағы қарым-қатынастардың конструктивтілігін және тұрақтылығын біз халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырамыз»,- деп тұжырымдады кездесуді Ортсайлауком басшысы.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
