| 27.12.2010 |
|
2010 жылғы 27 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясының отырысында референдумның бастамашыл тобын, сондай-ақ оның республикалық референдумға ұсынып отырған мәселесін тіркеу туралы қаулы қабылданды.
Орталық сайлау комиссиясы бастамашыл топ өкілдеріне тиісті куәлік пен азаматтардың қолын жинау үшін қол қою парақтарын берді.
Бастамашыл топты тіркеу үшін қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына 2010 жылғы 23 желтоқсанда ұсынылған болатын.
Ұсынылған құжаттарға сәйкес, 320 адамнан тұратын бастамашыл топ референдумға қатысу құқы бар, және шамамен алғанда әр облыстан, Қазақстан Республикасының астанасы мен Алматы қаласынан тең өкілдік ететін 850 азамат қатысқан жиналыста құрылған.
Бас прокуратураның ақпараты бойынша жиналыс пен бастамашыл топты құру «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң талаптарына толықтай сәйкес өткен.
Заңнамаға сәйкес, референдумды тағайындау туралы мәселеге бастамашылық ету үшін референдум бастамашылары барлық облыстарды, Қазақстан Республикасының астанасы мен Алматы қаласын тең мөлшерде білдіретін кемінде 200 мың азаматтың қолын, яғни әрбір өңірден 12,5 мыңнан кем емес қол, жинауы тиіс.
Бастамашыл топ қолдарды жинауды ұйымдастыруға Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен бастап кірісе алады.
Азаматтардың қолын жинау үшін бастамашыл топ өңірлерде белсенді сайлау құқығы бар азаматтар қатарынан арнайы топтар құруға құқылы. Мұндай топтардың саны және оларда жұмыс істеуге қамтылған азаматтардың саны шектелмейді.
Қол жинайтын адам азаматтарға бастамашыл топты және оның референдумға ұсынып отырған мәселесін тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетедi. Әрбiр азамат қол қою парағына тек бiр рет қана қолын қоюға хақылы.
Референдум туралы заңнамаға сәйкес, қол жинау аяқталғаннан кейiн үш күн мерзiмде толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылуы тиіс, олар өз кезегінде аумақтық әділет органдарының қызметшiлерiн қатыстыра отырып, қол қою парақтарындағы азаматтардың қолының дұрыстығын тексередi.
Заңнамамен белгіленген мөлшерден артық қол қойылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына толтырылуына қарай тапсырыла алады.
Отырыстан соң өткізілген брифинг аясында Ортсайлауком басшысы «қолдарды жинау мерзімі конституциялық заңмен белгіленбегендіктен, бұл процестің ұзақтығы бірінші кезекте республика азаматтарының бастамашылықты қолдауына және бастамашылардың өздерінің ұйымдастырушылық мүмкіндіктеріне байланысты» екенін атап өтті.
Сонымен, «Сіз республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттіктері мерзімін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзартасыз ба?» деген мәселе бойынша республикалық референдум бастамашылығы жөніндегі жұмыс басталды.
«Біздің бұдан былайғы іс-қимылымыз қол жинау процесінің қалай аяқталатынына байланысты болады»,- деп атап өтті Қуандық Тұрғанқұлов.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
