| 10.12.2010 |
|
Семинардың жұмысына Орталық сайлау комиссиясының мүшелері, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының, министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушыларға арнап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В. Фоос құттықтау сөз сөйледі.
Ол: «Бүгінгі семинар-тренингтің ерекшелігі мынада: біз халықаралық байқауды талқыға салуды емес, тек қазақстандық байқаушыларға өз жұмысында басшылыққа алуы үшін әдістемелік көмек көрсету мақсатында халықаралық байқаудың тәжірибелік қырларына назар аударуды жөн көрдік» деп атап көрсетті.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы Александр Кельчевскийдің атынан құттықтау сөзді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының жоба үйлестірушісі Сильвия Погольша ханым оқыды.
Семинар-тренингтің шеңберінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы Сайлау департаментінің бас кеңесшісі Александр Шлык мырзаның «ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауларын байқау әдіснамасы» тақырыбында тұсаукесері болды. Сайлауларды іс жүзінде байқау тәжірибесімен Ортсайлауком мүшелері М.Ә. Сәрсембаев, Т.В. Охлопкова, Қазақстанның министрліктері мен ведомстволарының өкілдері бөлісті.
Сондай-ақ қатысушылар сайлауларды халықаралық байқаудың ұйымдастырушылық-тәжірибелік және құқықтық қырларын, сайлау процесінің жариялылығын қамтамасыз етудегі тәуелсіз халықаралық байқаушылардың ролін талқылады, Халықаралық ұйымдар миссияларының құрамында, сондай-ақ сайлау процесіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану жағдайында сайлауларды халықаралық байқаудың ерекшеліктерін қарастырды, Қазақстан өкілдерінің сайлауларды байқауға қатысу тәжірибесімен алмасты.
Тренингке қатысушылар халықаралық ұйымдардың сайлауларды байқау жөніндегі миссияларының құрамына кіретін байқаушылардың кәсіби деңгейін арттыру, Қазақстан өкілдерінің сайлауларды байқауға қатысуын жандандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
Семинар-тренингтің соңында Қазақстан Республикасының атынан байқаушылардың 2011 жылы басқа елдердегі сайлауларды байқауға қатысуын қамтамасыз ету тәжірибесін одан әрі жетілдіру мәселесі бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Қазақстандық байқаушылардың кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстың маңыздылығы мен қажеттілігін сезіне отырып, Ортсайлауком біздің еліміздің өкілдерінің басқа елдердегі сайлауларды байқау процесіне қатысуы Қазақстан Республикасының сайлау процесін демократияландыруды дамытуға және халықаралық беделін нығайтуға елеулі үлес қосуы үшін оларға арнап оқытушы семинар-тренингтер мен консультациялар ұйымдастыру тәжірибесін жалғастыруға және дамытуға ниетті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
