| 08.02.2011 |
|
2011 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Ұлыбританияның 1997-2007 жылдардағы Премьер-министрі Тони Блэрдің аппаратының басшысы Джонатан Пауэлл басқарған делегациясымен кездесті.
Бұл делегацияның сапары Тони Блэрдың жуырда Қазақстанда болып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму, демократиялық басқару мен саяси реформалардың перспективаларын талқылауымен байланысты. Осыған орай делегация мүшелері кезектен тыс президенттік сайлаудың тағайындалуы, ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысты болып жатқан оқиғалармен кеңірек танысуға қызығушылық білдірді.
Оның сыртында, кездесу аясында демократиялық институттарды дамыту саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау заңнамасы мен сайлау процесін жетілдіру сұрақтары талқыланды.
Ортсайлауком басшысы делегация мүшелерін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізудің бірінші кезектегі мақсаттарымен және сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырып өтті.
Сондай-ақ Қ.Тұрғанқұлов бұл сайлау науқанының басты ерекшелігі, Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға соңғы енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауының 2 ай ішінде өткізілетінінде екенін атап өтті. Ал, Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы бойынша науқан үш ай уақытты қамтиды.
Демек, барлық сайлау рәсімдерінің мерзімі барабар қысқарады. Мұның өзі сайлау комиссияларының, кандидаттар мен олардың штабтарының күшін мейілінше жұмылдыруды талап етеді. Дегенмен, белгіленген мерзімдер жеткілікті болып табылады және сайлау науқанын тиімді, әділ әрі ашық өткізуге мүмкіндік береді.
Осы сайлау науқанының тағы бір ерекшелігі ретінде Ортсайлауком басшысы оның барысында «Сайлау» автоматтандырылғын ақпараттық жүйесінің қолданылмайтынын атады.
Содан соң Қ.Тұрғанқұлов делегация мүшелерінің сайлау комиссияларын қалыптастыру тәртібіне, Ортсайлаукомның сайлау науқаны кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара ықпалдастығына, сайлауды халықаралық байқауға, ЕҚЫҰДИАҚБ мен өзге де халықаралық ұйымдардың бұдан бұрынғы жылдары берілген ұсыныстарының Қазақстанның сайлау заңнамасында іске асырылуына қатысты және басқа да сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
